​«Алматы - Өскемен» тасжолы ашылды

0
1 347

Тас жолының учаскесі барлық көлік құралдары үшін сағат 9-дан бастап ашылды


​«Алматы - Өскемен» тасжолы ашылды

ERNUR.KZ. «Алматы - Өскемен» республикалық маңызы бар тасжолының учаскесі барлық көлік құралдары үшін сағат 9-дан бастап ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» РМК Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің ақпараты бойынша, тасжолдың Қалбатау ауылы мен Аягөз қаласының аралығындағы (967-778 шақырым) бөлігі ашылды.

Еске салайық, осы учаскедегі автокөлік қозғалысы ауа райының нашарлауына байланысты кеше 18:00-ден бастап жабылған болатын.