Алматы алаңында құрбандар құрметіне ақ қағаз үстіне 227 алма қойылды

0
916

Республика алаңында өтіп жатқан шеруге 500-ден аса адам жиналды.


Алматы алаңында құрбандар құрметіне ақ қағаз үстіне 227 алма қойылды

ERNUR.KZ. Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған құрбандарды еске алуға арналған митингте ерекше арт перформанс жасалды. 227 алма жерге ақ қағаздың үстіне қойылды. Бұл ресми деректер бойынша қайтыс болғандардың саны, деп жазады Stan.kz

Алматыдағы алаңда имам дұға жасап, құрбандар рухына Құран бағыштады. Ал ақ қағаздарға 227 алма қойылған. Осыншама адам ресми деректер бойынша қаңтар қақтығысы кезінде қаза болды. Арт-перформансты Денис Стадничук жасаған.

Республика алаңында өтіп жатқан шеруге 500-ден аса адам жиналды.

Жиналғандар ақша жинап, ортада шатыр тікпек. Олар қала әкімі Ерболат Досаев пен қала прокурорының алаңға келуін күтеміз деп отыр.

Митингке шыққандар қаңтар оқиғаларында қаза тапқандарға ескерткіш орнатуды, көшені көлік өтпейтіндей жабуды, тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандардың барлығын босатуды талап етті.