Алматы қаласының екі саябағында 500 мың түп «Президент Назарбаев» атты қызғалдақ сұрыпы егілді деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматы қаласының екі саябағында 500 мың түп «Президент Назарбаев» атты қызғалдақ сұрыпы егілді деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz-ке сілтеме жасап.
Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Тұңғыш Президент саябағында 500 мыңға жуық қызғалдақ гүлдері отырығызылды.
«Президент Назарбаев» атты қызғалдақ сұрыпын өсірумен және күтім жасаумен әкімшіліктің қолдауы арқылы жеке мердігер компаниясы айналысып отыр.
"Гринлэнд" ЖШС-нің басшысы Гүлзада Қалдыбаеваның айтуынша, екі саябақта қызғалдақ гүлінің санын 100 мыңға жеткізу межеге алынып отыр. Әзірге гүлді сату жоспарда жоқ.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Елбасы атымен аталатын әсем қызғалдақ гүлдерін екі апта тамашалай алады.