Жүргізуші тежегішті басуға тырысыпты.
ERNUR.KZ. Алматы-Бішкек тас жолында автокөлік жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп жазады Zakon.kz.
Оқиға 26 мамырға қараған түні орын алған.
"Chevrolet Cruise" маркалы көлік жол бойымен шығыс бағытта мегаполиске қарай жүрген. Жолдың 32 шақырымында жаяу жүргінші кенеттен жолға жүгіріп шыққан.
Жүргізушінің айтуынша, ол тежегішті басуға тырысыпты. Алайда, көлік ер азаматты қағып үлгерген.
Оқиға орнына полицейлер мен медицина қызметкерлері келіп жетті. Дәрігерлер зардап шеккен азаматқа көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қала алмады.