Алматы Денсаулық сақтау басқармасында митинг кезінде зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ

0
573

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге төмендету туралы пікір білдіріп, халықты деструктив топтарға ермеуге шақырғаны хабарланды.


Алматы Денсаулық сақтау басқармасында митинг кезінде зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ

ERNUR.KZ. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматыдағы түндегі оқиғалар кезінде зардап шеккендер туралы ақпаратқа түсінік берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі өкілі Алматыда зардап шеккендер туралы әзірше мәлімет жоқ екенін айтты.

"Мәлімет болған кезде жариялаймыз", - деді басқарма өкілі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге төмендету туралы пікір білдіріп, халықты деструктив топтарға ермеуге шақырғаны хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.