Алматы қайтадан қатаң карантинге ауысуы мүмкін - Сағынтаев

0
994

Алматыда 2 353 адам коронавирус жұқтырған.


Алматы қайтадан қатаң карантинге ауысуы мүмкін - Сағынтаев

ERNUR.KZ. Алматыда қайтадан карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.


Алматыда күн сайын коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Егер жағдай ушыға берсе, билік карантинді қайта күшейтуі мүмкін.

"Иә, қала қатаң карантинге ауысуы мүмкін. Жағдай қазіргіден де нашарласа, ауысамыз. Бұл жерде қаланың әр тұрғыны жауапты. Егер біз санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің талаптарын сақтамасақ, маска тақпасақ, әлеуметтік қашықтықты ұстанбасақ, онда жағдай қазіргіден де жаман болуы мүмкін", - деді Сағынтаев.

Ол соңғы екі айда тұрғындардың шыдамдылық танытқанын айтты.

Айта кетейік, Алматыда 2 353 адам коронавирус жұқтырған. 1 345 науқас дертінен айықты, 10 адам көз жұмды.