Алматыда жаңа қаулы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин журналистермен онлайн-брифингте қалада локдаун енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Біз медициналық инфрақұрылымды дайындап қойдық: төсек жүйесі, дәрі-дәрмек. Сондай-ақ, жеке қорғаныс құралдары бойынша қиындық жоқ. Жүйе міндетін орындап жатыр", - деді ол.
Жандарбек Бекшин қалада ауруханаға жатқызуда проблема жоқ екенін атап өтті.
"Барлық қызмет тиімді жұмыс істеп тұр және жүктемеге шамасы жетеді", - деді қаланың бас санитария дәрігері.
Еске салайық, Жандарбек Бекшин "Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.