Алматы-Қорғас тас жолындағы көлік апатынан кейін "ҚазАвтоЖол" жұмысшылары жазаланды

0
341

Көліктердің соқтығысуына көктайғақ себеп болған.


Алматы-Қорғас тас жолындағы көлік апатынан кейін

ERNUR.KZ. "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері Алматы-Қорғас тас жолында болған екі жол апатынан кейін жауапқа тартылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Алматы облысының полиция департаменті басшысы Бауыржан Әленовтың айтуынша, аталған жол учаскесінде тиісті қызмет көрсетілмеген.

"29 қаңтарда Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының 24-ші шақырымында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды. Жолдың осы бөлігіне қызмет көрсететін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Екі жол апаты үшін 1991 және 2002 жылы туған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің соқтығысуына көктайғақ себеп болған.