Дәулетбековтің айтуынша, аурухана дәрі-дәрмектермен және қажетті медициналық өнімдермен толық қамтамасыз етілген.
ERNUR.KZ. №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері Алматы маңында болған апаттан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі уақытта ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы әлі де өте ауыр. Интенсивті терапия – гемотрансфузия мен плазматрансфузия, яғни қан компоненттерін құю шаралары жалғасуда", – дейді интенсивті терапия және реанимациялық анестезиология бөлімінің бастығы Жандос Дәулетбеков.
Ал екінші науқаста тыныс алу мен жүрек жеткіліксіздігі байқалады.
"Оның да жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Оған да интенсивті терапия жалғасуда", – деп атап өтті дәрігер.
Дәулетбековтің айтуынша, аурухана дәрі-дәрмектермен және қажетті медициналық өнімдермен толық қамтамасыз етілген.
Алматы маңында әскери ұшақ құлады
Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда, Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып, құлады. Салдарынан төрт адам қаза тауып, ауыр жарақат алған екі әскери қызметкер төртінші қалалық ауруханаға жеткізілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті борттық нөмірі "02" санымен белгіленген ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады. Қазіргі кезде комитет апаттың себеп-салдарын анықтауда.
Айта кетейік, бұл аталған ведомствоға тиесілі Ан ұшағының қатысуымен болған екінші трагедия. Осыған ұқсас жағдай 2012 жылы Шымкент маңында болған. Ол кезде Ан-72 апатынан 27 адам көз жұмды.