«Алматы марафонының» қатысушысы мәреге жеткен соң көз жұмды

0
822

Бастапқыда жүрек іске қосылып, синус ырғағы пайда болды, бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта ұстады.


«Алматы марафонының» қатысушысы мәреге жеткен соң көз жұмды

ERNUR.KZ. «Алматы марафонының» қатысушысы 47 жастағы Рүстем Садықов мәреге жеткен соң көз жұмды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Мәре басында болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, марқұм Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден құлаған.

«Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» еріктілері көрсетті. Ары қарай жүрек-өкпе реанимациясы қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бастапқыда жүрек іске қосылып, синус ырғағы пайда болды, бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта ұстады. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдем көлігінде жасалды. Сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді», - «Алматы марафонының» бас дәрігері Оразбек Сахов
Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және марқұмның денесін Астана қаласына тасымалдауға көмектесетіндерін жеткізді.