Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты

0
590

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты.


Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты

ERNUR.KZ. Пойыздар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді, деп жазады baq.kz.

Осыдан он жыл бұрын, 2011 жылғы 1 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитенді ашып, бірінші жолаушы өзі болды. Содан бері метро жұмысы тоқтамаған.

Құрамның ұзындығы – 77,8 м, ең үлкен техникалық жылдамдығы - 90 км/сағ. Температура режимі: Цельсий бойынша -35, +40 градус. 4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған.

Вагондар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Машинистің кабинадан вагондардың ішіндегі және сыртындағы жағдайды бейнебақылау жүйесі мониторының көмегімен бақылау мүмкіндігі бар.

Барлық вагондар жолаушыларға бір вагоннан екіншісіне қауіпсіз және ыңғайлы өтуді қамтамасыз ететін ашық типтегі (аралық есіктерсіз) кең вагонаралық өту жолдары арқылы біріктірілген.

Электр пойыздары жолаушылар үшін, қызмет көрсетуші персонал үшін де жоғары қауіпсіздік пен жайлы жағдайды, сондай-ақ энергия тұтынудың төмендетілген деңгейін қамтамасыз етеді. Оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы шығарған вагондар Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген. Бүгінгі таңда метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.