Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды

0
931

Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станция бар.


Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды

ERNUR.KZ. Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейтілді. Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданған.

"Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады"

Еске сала кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станция бар. Әрі қарай 4 станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.