Алматы облысында 10 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті

0
705

Бұл факті бойынша комиссия құрылды.


Алматы облысында 10 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында он оқушы астан уланып, ауруханаға түсті, деп жазады sputnik.kz.

Бұл факті бойынша комиссия құрылды.

"19 мамыр күні сағат 16:00-де жедел жәрдем бригадасы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасына Бәйтерек ауылының орта мектебінде 5 "Д" сыныбында оқитын 10 оқушыны жеткізді. Алдын ала диагноз – "Нақтыланбаған бактериялық тағамдық улану", - делінген хабарламада.
Мұғалімдер мен балалардың айтуынша, мектеп оқушылары дүкеннен сатып алынған жартылай дайын өнімдерді құрғақтай жеген.
"Дәрігерлер пациенттерді тексеріп, асқазанын шайып, тазартқан. Осыдан кейін жеті бала амбулаторлық емге жіберілді, үш пациент инфекциялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайлары орташа", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.