Алматы облысында 15 жасар қыз телефонның кесірінен қайтыс болды

0
846

Бұл фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Алматы облысында 15 жасар қыз телефонның кесірінен қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында 15 жасар қыз қайтыс болды. Оны ұялы телефоны қосылған электр тогы соққан деп болжайды мамандар, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте кешкі сағат он шамасында болды.

Алматы облысы ПД хабарлауынша, бұл Жамбыл облысы, Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде болған.

Электр тоғының салдарынан 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды. Қыз баланың токқа қосулы ұялы телефонын ұстап отырғаны, сол кезде оның мерт болғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп атап өтті полициядағылар.

Бұл фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.