Алматы облысында 9 жастағы баланы ит талап тастады

0
754

Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты.


Алматы облысында 9 жастағы баланы ит талап тастады

ERNUR.KZ. Алматы облысында 9 жастағы баланы ит талап тастады. Бала ауруханада жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

"Оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында болды. Нақты мекенжайы Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылы, Атажұрт көшесі 29 үй. Аталған тұрғын үйдің ауласы қоршалмаған. Бос жүрген ит 9 жастағы Шәріпжан Халифаны талап тастаған.

Жедел жәрдем баланың жарақатын таңып, балалар ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта онымен бірге анасы Мақпал Алманова ауруханада жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты. Бала ақылы бөлімде ем алып жатыр. Ақсеңгір ауылының тұрғындары, еріктілері көпбалалы отбасына көмек қолын созып, ұйымшылдық танытуда. Ауыл әкімі Ержан Қасымшалов көпбалалы отбасына қаржылай көмектесетін болды. Баланы қауып алған ит 23 сәуірде ұсталып, Ұзынағаш ауылының ветеринарлық станциясына қамалды»,- деді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.




Ведомство өкілінің айтуынша, биыл ауыл тұрғындарының өтініші бойынша арнайы қызметкер иттерді аулау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Жамбыл ауданында 469 ит, оқиға болған Ақсеңгір ауылында 30 бұралқы ит ауланған.
Айта кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кеткенін хабарлаған едік.