Алматы облысында арақ ішіп отырған ер адамдарды әкім қуып жіберді (видео)

0
1 246

Олар бір реттік стақандарын тастай сала, жан-жаққа қашқан.


Алматы облысында арақ ішіп отырған ер адамдарды әкім қуып жіберді (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысы, Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында алкоголь ішіп отырған ер адамдарды көріп, оларды қуып жіберді. Өз әрекетін ол видеоға түсірген деп жазады kaz.nur.kz.

Видеодағы кадрда әкімнің алкогольді сусын ішіп отырған ер адамдарға келіп, ескерту жасағаны байқалады. Олар бір реттік стақандарын тастай сала, жан-жаққа қашқан.


Видеоға жазылған жазбада әкім өзінің қабыладуына тұрғылықты әйелдің келіп, жасырын сатылатын арзан араққа тосқауыл қоюды сұрағанын айтқан.

"Бүгін менің қабылдауымда қала тұрғыны бір әйел келіп күйеуінің күнде арақ ішетінін айтып, жасырын түрде сатылатын арзан арағына тосқауыл қоюды сұраған болатын. Ал, кешке өзім қала аралап жүріп мынандай масқараға тап болдым. Ата - бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз ағайын, ақыл айтыңыздаршы, жолын көрсетіңіздерші", - деп жазды әкім.