19 шілдеде әйел қыздың аузы мен қолын таңып, кейін оны қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған.
ERNUR.KZ. Бүгін, 24 шілдеде әйелдің қамауға алынғаны белгілі болды, деп жазады zakon.kz.
Облыстық полицияның мәліметінше, 22 шілдеде аудандық соттың шешімімен 1999 жылы туған азамат 2 айға қамауға алынды.
"Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған белгілі адамға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды" - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Одан кейін тәртіп сақшылары әйелдің "бұл әрекетке кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасымен ақшалай қарызына байланысты жеке араздық қарым-қатынасы салдарынан барғанын" айтты. Бұл ретте қыздың анасы ауылдасына арыз жазып, қызын сот-медициналық сараптамадан өткізуден үзілді-кесілді бас тартты.