Алматы облысында "Атамекен" ҰКП филиалының директоры ұсталды

0
834

Деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу аяқталып, прокуратураға жолданған.


Алматы облысында

ERNUR.KZ. Алматы облысында "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматы облысында "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының директоры қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кәсіпкерлерден "Бастау Бизнес" мемлекеттік жобасы шеңберінде ісін жаңа бастағандарға мемлекеттік кредит алуға көмектескені үшін бірнеше рет 200 мың теңгеден заңсыз ақшалай сыйақы алған", - делінген хабарламада.

Деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу аяқталып, прокуратураға жолданған.