Алматы облысында ауыл балалары далада сабақ оқып жүр

0
2 126

Қараңғыда қалған тескенсулықтар ауылдық әкімдіктің ғимаратына көшіп барамыз деп отыр.


Алматы облысында ауыл балалары далада сабақ оқып жүр

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы кішігірім ауылдың тұрғындары балаларын жетектеп, көз дәрігеріне жаппай апарып жатыр. Себебі бұл ауылда бес жыл бойына жарық үнемі өшіп қала береді. Ал балалар кешке айдың жарығымен далада сабақ оқуға мәжбүр. Шенеуніктер құр уәде беруден жалықпайды. Ал жаңа ауылда бірде-бір есі дұрыс электр бағаны да жоқ, оның орнына әркім шамасы келген нәрсені орната салған, деп жазады Zakon.kz.

Ержан Әділжан өзінің отбасымен көп уақытын сыртта өткізуге мәжбүр. Ер адам аулада мына арада балалармен үй тапсырмасын жасайды, сол жерде түскі ас пен таңғы асын ішеді. Ал кешкі аста майшам жағуға тура келеді, кейде қараңғыда тамақ ішуге мәжбүр олар.

- Міне, жақында электр сымын тарттым, онда да көршімнің үйінен, сұрап жүріп әрең дегенде. Әрине, қауіпті! Бірақ басқа амал жоқ, үнемі қараңғыда отыра алмайсыз ғой, бірдеңе қылу керек. Бірақ ток кернеуі жеткіліксіз. Мысалы, тоңазытқышты қоссаңыз - тек сол ғана жұмыс істейді. Басқасын өшіріп қоюыңыз керек. Сол секілді теледидарды қосаңыз – басқасы істемейді. Осылай өмір сүріп жатырмыз, - дейді Тескенсу ауылының тұрғыны Ержан Әділжан.
Тура осындай жағдайда бұл арада 20-дан астам отбасы тұрып жатыр. Олардың барлығы бірнеше жыл бұрын Тескенсудан жер телімін сатып алып, үй тұрғыза бастаған. Барлығын өз ақшаларына өздері жасаған, ақыры электр желісін де өздері жүргізген. Сымдарды үйден-үйге өздері тартып алған, өмірлеріне қауіпті болса да. Бағанның бетон тіреуі орнына кесіп алынған ағаштарды қоя салған.
- Қараңыз, ток сымдарының бәрі салбырап тұр. Біз не істеуіміз керек? Не істей аламыз? Шенділерге айтсақ, одан пайда болмай тұр. Бар айтатындары: "Бәрі болады, күтіңіздер" деп шығарып салады олар, - дейді Тескенсу ауылының тұрғыны Ілияс Нұрақыш.
Тескенсуда жақында болған оқыс оқиғаны мұндағылар әлі ұмыта қойған жоқ. Қатты жел тұрып, жалаң сымдарды ұшырып, үйдің төбесіне ілген. Сол арада сымнан от шығып, бір үй өртеніп кетті.
- Біз үйде болған жоқпыз, өрт болған электрдің кесірінен. Қайта көршілер өртті байқап, оны өз бетімен өшірген. Әйтпесе үйімізге күлге айналар еді, - дейді зардап шегуші үй иесі.
Ауыл тұрғындары осындай сапасыз қызметке қарамастан электр тарифінің тым қымбаттығына наразы. Жаз айының өзінде бір отбасы 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төлейді. Ал қыста бұл сома 2-3 есеге өседі.
- Біз Тескенсу ауылындағы мәселе туралы білеміз. Биыл бәрін шешуге тырыстық, бірақ ақша жетпей қалды. Бұл шығындар бюджетте қарастырылған. Бірақ тек келесі жылдың. Түсінесіз бе, бұл арада бәрі жаңадан салынып жатыр, сондықтан біз бәрін бірден жасай алмаймыз. Бәрі кезең-кезеңімен болады. Осыған дейін көрші ауыл сөйткен. Біз де солай істейміз, - дейді Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев.
Ашуланған ауыл халқы бұл жолы да биліктің айтқанына сеніп, уәдесіне берік болар деп үміт артады. Сөйткен олар енді тағы бірнеше ай шыдауға дайын. Ал одан кейін жағдай өзгермесе тескенсулықтар ауылдық әкімдіктің ғимаратына көшіп барамыз деп отыр.