Алматы облысында белсендіге оқ атты деген күдікпен әкім мен оның жүргізушісі ұсталды

0
860

Оқиға 26 тамызда болған


Алматы облысында белсендіге оқ атты деген күдікпен әкім мен оның жүргізушісі ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға оқ атқан күдіктілер ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Полициядағылардың мәліметінше, белсендіге оқ атты деген күдікпен Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов аудандық округінің әкімі Аппазов Нұрғали Әділбекұлы мен оның жүргізушісі Сманов Ғани Хамидинұлы ұсталған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, бұл оқиға 26 тамызда болған еді.