Алматы облысында бір түнде 10 есек ұрлаған адам ұсталды

0
2 683

Күдікті ұрланған малдарды төменгі бағамен сатқан.


Алматы облысында бір түнде 10 есек ұрлаған адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында белгісіз біреу бір түн ішінде он есек ұрлап, оларды өңір маңайында сатып үлгерген деп жазады NUR.KZ.

Шілденің ортасында Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында белгісіз біреу небәрі бір түн ішінде Үлкен Дехқан ауылы тұрғындарына тиісілі 10 есекті ұрлап кеткен.
Таңертең қорада есектерінің жоқтығын байқаған тұрғындар тәртіп сақшыларына жүгінген. Өз кезегінде олар барымташының тұлғасын анықтай алған.
Ұйғыр ауданының жедел қызметкерлері оның Шонжы ауылының 30 жастағы тұрғыны екенін мәлімдеді.
Белгілі болғандай, күдікті Алматы маңындағы Талғар ауданы ауылдарының бірінде ұрланған малдарды төменгі бағамен сатқан.
"Сатып алушы анықталды. Одан ұрланған есектердің барлығы табылды. Қолды болған жануарлар заңды иелеріне қайтарылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Талғар ауданының тұрғынына қатысты ұрланған мал сатып алу және сатып алу үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.