Алматы облысында бөгеттің бұзылуы: Иттер ұсталатын паналау орнына су кірді

0
758

Алматы облысындағы Книжевский қоймасынан аққан су деңгейі төмендеді.


Алматы облысында бөгеттің бұзылуы: Иттер ұсталатын паналау орнына су кірді

ERNUR.KZ. Алматы облысында Книжевский су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан иттерге арналған паналау орнына су кірген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Книжевское су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан иесіз иттердің паналау орнына су келгені туралы ақпарат келіп түсті. Иттердің паналау орны бөгет бұзылған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см болды. Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған. Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірді. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді (ішінара мұз қатқан)», - деп мәлім етті ҚР ТЖМ-нан.



Бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

22 қараша күні сағат 7:30-да су қоймасынан аққан судың деңгейі төмендеді. «Су ені 4 метр болатын жырық арқылы ағып жатыр. Ағып жатқан судың көлемі 5-6 текше метрді құрайды. Сонымен қатар облыстық жолдан тереңдігі 5 сантиметр, ал ені 30 метр көлемінде асып төгілуде. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Құрылыс нысандарына да ешқандай қатер байқалмайды. Ахуал тұрақты, су төмендеп, баяу ағып жатыр», - деген болатын Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Айбек Жанаев.