Алматы облысында екі жасөспірім бензин буынан уланып, көз жұмды

0
549

Балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады.


Алматы облысында екі жасөспірім бензин буынан уланып, көз жұмды

ERNUR.KZ. Жаркентте 17 жастағы колледждің екі студенті бензин буынан уланып, көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

"Жаркенттік полицейлер оқиға орнына барып, гараждан 17 жасар екі жігіттің мәйітін тапты. Балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер автомобильді жөндеу кезінде бензин буынан уланып қалған", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының төртінші бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.