​Алматы облысында ер адам үш жасар қызды ұрлап кеткен

0
1 090

ІІД өкілдері ер адамның 1962 жылғы екенін және тұрғылықты мекенжайы жоқ екенін айтып өтті.


​Алматы облысында ер адам үш жасар қызды ұрлап кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы облысы Байсерке ауылында 56 жастағы ер адам үш жасар қызды ұрлап кетіп, жасырынған. Кейіннен ол Қапшағай ауданынан табылған, - деп жазады Tengrinews.kz.

"30 шілдеде сағат 21.50-де Байсерке ауылындағы мешіттердің бірінің аумағында белгісіз ер адам 2015 жылғы қызды ұрлап кетті. Қыздың әкесінің айтуынша, ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде полицейлер ер адам жарты сағаттан соң ұстады", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері ер адамның 1962 жылғы екенін және тұрғылықты мекенжайы жоқ екенін айтып өтті. Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтарпау шарасын қолдану мәселесі қарастырылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.