Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің мүрдесі табылды

0
1 091

Артында екі баласы қалды.


Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің мүрдесі табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысының полицейлері із-түзсіз кеткен Айнұр Қасымованың мүрдесін тапты. Тәртіп сақшылары әйел адамды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды құрықтады, деп жазады kaz.nur.kz.

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Ақсу ауданының полициясына Жансүгіров ауылының тұрғыны хабарласты. Ол Алматыдан шыққан әпкесінің із-түзсіз кеткенін хабарлады.

Тәртіп сақшылары әйел адамның қаладан Mitsubishi Galant көлігімен шыққанын анықтады. Ол жол бойы туыстармен жазысып отырған. Бір хабарламада ол келе жатқан көлігі сынып, жолда көлік тоқтатып, сонымен келе жатқанын жазған. Ол сапарын Toyota көлігімен жалғастырған.

Тәртіп сақшылары жауап алған такси жүргізушісі бұл ақпаратты растаған.

"Әйел адамды іздеуге Ақсу ауданының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Облыстық департамент қызметкерлері де іздеуге атсалысты. Сағабүйен ауылынан Жансүгіров ауылына дейінгі аралықтың барлығы тексерілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Айнұр Қасымованың тұлғалық бағдарлауы бүкіл республика аумағына жіберілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде екі баланың анасы жоғалуына себепкер болған такси жүргізушісі құрықталды.

Ол Қасымованы өлтіргенін мойындап, қайда көмгенін көрсетті.

"Жәбірленушінің мүрдесі қазып алынып, туыстарымен танылды. Ол ен даладан табылды. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.