Алматы облысында комиссия қызметкерлерінің бюллетеньдерді жаппай урнаға салған сәті видеоға түсіп қалды

0
2 710

Кадрден екі адамның үстелге жақындағанын, бюллетеньдерді сол жерден алып, кейін оларды урналарға лақтырғанын көруге болады.


Алматы облысында комиссия қызметкерлерінің бюллетеньдерді жаппай урнаға салған сәті видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Сайлау комиссиясының екі қызметкері Алматы маңындағы учаскеге бюллетеньді заңсыз салғаны үшін өз міндеттерінен шеттетілді, деп жазады stan.kz.

Алматы облысында сайлау комиссиясы қызметкерлерінің бюллетеньдерді жаппай урнаға лақтырған сәті видеоға түсіп қалды.

"Алматы облысындағы сұмдық. Қарасай ауданы", - деп жазды танымал қазақстандық журналист Дина Елгезек.

Кадрден екі адамның үстелге жақындағанын, бюллетеньдерді сол жерден алып, кейін оларды урналарға лақтырғанын көруге болады. Олардың біреуінің беті көрінбейді, ал екіншісінің анық сайлау учаскесінің қызметкері екені көрініп тұр. Оның үстіне сырт киімі жоқ, сайлау комиссияларының қызметкерлеріне тән бейдж мойнына ілулі.

“Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы келесіні хабарлайды. Id Senim R" медициналық орталығының ғимаратында орналасқан Қарасай ауданының №455 сайлау учаскесінде сайлау бюллетеньдерін салғаны үшін учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы және комиссия мүшесі өз міндеттерінен шеттетілді", - делінген жексенбідегі хабарламада.