Алматы облысында көпбалалы ана 14-ші сәбиін дүниеге әкелді

0
1 004

Балалардың арасында егіз де, үшем де жоқ.


Алматы облысында көпбалалы ана 14-ші сәбиін дүниеге әкелді

ERNUR.KZ. Кербұлақ ауданында 10 қыз 3 ұл тәрбиелеп отырған алтын құрсақты батыр ана Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін дүниеге әкелді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Гүлнәз 42 жаста, 14 баланың анасы, 3 немеренің әжесі. Балалардың арасында егіз де, үшем де жоқ. Үлкен қызы – 26 жаста. 22 жастағы қызы Айжан бүгінде спорттың ережесіз жекпе-жек түрінен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Бес баласы мектеп қабырғасында оқып жатса, үш баласы балабақша жасында.

«Әрине, баланы 9 ай көтеру - әйел адам үшін үлкен ерлік. Сол сияқты, көп баланы дүниеге алып келуде қажымас қайсарлықты, психологиялық, физикалық күшті қажет етеді.
Бала өмірдің мәні мен сәні. Одан бас тарту үлкен күнә. Денсаулығым жеткенше бала туудан қашпаймын, 15-ші баланы жоспарлап отырмыз. Қазақ «баланы жастан» дегенді бекер айтпайтын шығар. Үлкен қызым мұғалім, «Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді» деген. Сондықтан үлкендерін жақсылап тәрбиелесең, кейінгілері соларға еліктеп, еріп кетеді деп ойлаймын», - деді Гүлнәз Жеңісбайқызы.

Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданында 481 «Алтын алқа», 557 «Күміс алқа» иегерлері, 1395 көпбалалы ана тұрады.