Бұл саяжайларда коронивирус жұқтырған 9 адам тіркелген.
Алматы облысында коронавирусқа байланысты 4 саяжай массиві карантинге жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.
Бұл саяжайларда коронивирус жұқтырған 9 адам тіркелген.
"COVID-19 диагнозы расталған 11-науқаспен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ сараптамасы алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге жабылды", - делінген хабарламада.
Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етілетіні айтылады.