Алматы облысында коронавирус жұқтырған әйелдің аяғы ауыр

0
738

Әйел 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны.


Алматы облысында коронавирус жұқтырған әйелдің аяғы ауыр

ERNUR.KZ. Алматы облысында короновирус жұқтырғандар туралы ақпарат жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі жағдай облыстың екі ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша, ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды.

Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген.

Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда» - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы облысында коронавирустың 4 жағдайы тіркелді.