Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы мектепте болған.
ERNUR.KZ. Алматы облысында 8 сынып оқушысына қырындап, құшақтап, сүйген мұғалімнің әрекетіне қатысты әкімдік пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Аталған факті бойынша қыздың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы тарапынан дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар дене шынықтыру пән мұғалімі Еңбек кодекісінің 48-бабы 8-тармағы бойынша жұмыстан шеттетіледі», - делінген Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы мектепте болған.
«Мектеп әкімшілігі шұғыл түрде мектеп психологын және оқушыны анасымен бірге, дене шынықтыру пәні мұғалімін шақырып, сөйлесу жұмыстарын жүргізген. Оқушының айтуынша, 2023 жылы 3 сәуір күні сабақтан тыс уақытта волейбол үйірмесіне келгенде өзіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қырындаған. Еркінен тыс қол жүгіртіп, құшақтап, бетінен сүйген. Осы кезде сыныптас құрбысы спортзалға кіріп, досының атын атап шақырған. Құрбысының даусын естіген сәтте И. мұғалімнің қолынан сытылып шығып, достарына қарай жүгіріп кеткен«,- делінген ведомствоның хабарламасында.