Алматы облысында полицейлер үш жасар баланы құтқарып қалды (видео)

0
923

Бала әлі Есік қаласындағы ауруханада медициналық бақылауда жатыр.


Алматы облысында полицейлер үш жасар баланы құтқарып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысы полицейлері үш жасар баланы құтқарып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 7 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылының маңында болған. Сырқат баласымен көлік кептелісінде қалған әке патрульдік қызметтен көмек сұраған.Ол үлкен кептелістің ортасында қалғандықтан, баласын ауруханаға жеткізе алмаймын деп қорыққан.

Аймақтық батальонының инспекторлары, майор Асхат Апарбаев пен полиция капитаны Тимур Нұрмугамбетов бірден қол ұшын берген. Олардың айтуынша, сол күні көліктің көптігінен көлік қозғалысы қиын болған. Өтінішке уақытылы жауап беріп, науқас баламен машинаны 20 шақырым жердегі Есікке жеткізіп, дәрігерлердің қолына тапсырған.

"Балам кенеттен қатты ауырып қалды. Әйелім екеуміз оны медициналық орталыққа апардық. Бірақ балаға шұғыл реанимациялық көмек қажет болды. Сондықтан орталық аудандық ауруханаға жеткізбекші болдық. Құдайға шүкір, осы жігіттердің арқасында балам аман қалды", дейді құтқарылған баланың әкесі Әлихан Сәдуақас.

Бала әлі Есік қаласындағы ауруханада медициналық бақылауда жатыр. Ал баласы құтқарылған әке басшылықтан полицейлерді марапаттауды сұраған. Алайда Алматы облысы ДС-нің баспасөз қызметі бұған "Бұл жағдайда полицияның ерлігі емес, тұрғындарға деген жауапкершілік" - деп жауап берген.