Алматы облысындағы құс фабрикасында 40 мыңнан аса тауық қырылды

0
1 683

Әкімдікте құс тұмауын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.


Алматы облысындағы құс фабрикасында 40 мыңнан аса тауық қырылды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде оттегінің жетіспеушілігінен 41 мың тауық тұншығып қалды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Ұйғыр ауданында орналасқан Otan Green Food ЖШС құс фабрикасында орын алды. Әкімдікте атап өткендей, құс өлімі автоматиканың істен шығуына байланысты орын алған.


"Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шықты. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген, бұл өз кезегінде бөлме температурасының көтерілуіне және оттегінің азаюына себепші болған. Аталған фактіні кәсіпорынның ветеринарлық қызметі растады", - делінген Ұйғыр ауданы әкімдігінің хабарламасында.


Әкімдікте құс тұмауын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.