5 тамызда 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған.
Алматы облысында оқушылардың арасындағы жаппай төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталды, оқиға салдарынан 17 жасар жасөспірім қаза тапқан, - деп жазады Tengrinews.kz.
Полицияның мәліметінше, 5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.
"Жасөспірімның мылтық оғынан жарақат алып, қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.