Алматы облысының тауларында жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылды

0
448

Ата-анасы төрт жасар баламен бірге таулы аймаққа саңырауқұлақ теруге шыққан.


Алматы облысының тауларында жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылды

ERNUR.KZ. 2022 жылғы 16 мамыр күні сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД Кербұлақ ауданы Доланалы ауылының маңында 2018 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады

Ата-аналардың мәліметтері бойынша, түскі уақыт шамасында олар төрт жасар баламен бірге таулы аймаққа саңырауқұлақ теруге шыққан, бір сәтте ата-аналар көліктің жанында ойнап жүрген баланың жоқ екенін байқаған. Үш сағатқа жуық ата-аналар баланы өз бетінше іздестірген, содан кейін ТЖД-дан көмек сұрады.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар, саны 100-ден астам азаматтар және 1 іздестіру иті дереу кірісті.
Іздеу нәтижесінде сағат 23:30-да бала жоғалған жерден 3 км қашықтықта табылды және дәрігерлердің тексерісінен кейін ата-аналарына тапсырылды. Қазіргі уақытта баланың денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.