Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар

0
1 097

Бұған дейін Алматыда бір тәулікте 18 рет қар көшкіні жүрген еді.


Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар

ERNUR.KZ. Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады, деп жазады inform.kz.

Осыған орай құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға шақырды.

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 7-8 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.
Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан тауға саяхаттауды кейінге шегере тұруды сұрайды.
Бұған дейін Алматыда бір тәулікте 18 рет қар көшкіні жүрген еді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын автожолдар жабық.
Негізінен қар көшкіні температура жоғарылағанда және жаңбыр мен қар мол жауғанда түсуі мүмкін.
Таулы аймақтағы қар көшкіні - аса қауіпті табиғи құбылыс. Қар көшкінінің максималды жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетуі мүмкін.