Күннің күрт жылынуына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады.
ERNUR.KZ. Осыған орай құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға шақырды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның күтілуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 14-18 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.
Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан тауға саяхаттауды кейінге шегере тұруды сұрайды.
Еске салайық, кеше 13 сәуір күні «Молодежный» шыңында көшкін жүріп екі адам қар астында қалды.
Кейін құтқарушылар қардың астында қалған адамдардың біреуін аман-есен шығарып алды.
Сол күні кешке қарай, қар астынан екінші туристің денесі табылды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкінің астында қалған екі адам Франция елінің азаматтары.
Белгілі болғандай, 6 адам тауға шығып сырғанаған. Бұл көшкіннің шығуына себеп болды.
Оның бесеуі Франция азаматы болса, біреуі қазақстандық. Төртеуі аман.
Қардың астында қалғандардың біреуі зардап шекті, екіншісі өкінішке орай қаза тапты.