Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды

0
2 352

​Әуе апатынан зардап шеккен әскери қызметкерлер есін жиғанмен, олардың жағдайы ауыр деп отыр дәрігерлер.


Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Алматы түбінде әскери ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, жансақтау жағдайында бақылануда. Екі пациент те есін жиды", - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Бұған дейін зардап шеккендерге ота жасалғаны хабарланды. Олардың біреуін жасанды тыныс алдырту аппаратына қосқан.

"Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте. Дәрі-дәрмек жеткілікті", - деді дәрігерлер.

Әскери ұшақ апаты

Әуе апаты 13 наурызда Алматы әуежайының маңында болды. Ан-26 ұшағы құлап, отқа оранған.

Бортта алты адам болды. Төртеуі оқиға орнында қаза тапты: майор Ғабит Барлықбаев, аға лейтенант Досжан Баймұратов, лейтенант Мұхтар Сағынбаев, сержант Евгений Васильков.

Аман қалған екі әскери қызметкер ауыр жарақатпен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

ҰҚК апатқа ұшыраған ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады. Қазіргі кезде комитет апаттың себеп-салдарын анықтауда.