Алматы тұрғыны бейтаныс жігітке оқ атты - күдікті ұсталды

0
1 294

​Оңтүстік астана аулаларының бірінде бейтаныс екі адам арасында жанжал шықты.


Алматы тұрғыны бейтаныс жігітке оқ атты - күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында жас жігітке оқ атылды, деп жазады sputnik.kz.

"Екі бейтаныс адам арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде 1998 жылы туған ер адам травматикалық тапаншадан атылған оқтан жарақаттанды. Ол медицина мекемесіне жеткізілді", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға болған жерді полиция қызметкерлері қоршауға алды. 1987 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 293-бабының (Бұзақылық) үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.