Алматы зообағының басшысы қызметінен кетеді

0
786

Соңғы 3 айда Алматы зообағында 6 бірдей жануар өлген.


Алматы зообағының басшысы қызметінен кетеді

ERNUR.KZ. Вячеслав Банщиков Алматы зообағының басшысы қызметінен кетеді. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл шешіміме қарамастан мен зообақтың демеушісі болып қала беремін. Басталған жобаларды аяғына дейін жетізуге жауапты боламын. Зообақ басшылығына келгелі бері, өзімнің жұмысым жайлы оң пікірлерді көп естідім. Бірақ бүгінде балаларға арналған жүйелі әлеуметтік көмек беру тетігін құрғым келеді. Өмірдің қиын сынағына түскен балалар мен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, «Шетсіз қала» жобасының аясында қала кеңістіктерін абаттандыруды қолға алғым келеді. Мен осы бағытта көбірек жетістікке жетеріме сенімдімін», - деді ол.

Айта кету керек, Вячеслав Банщиков зообақ басшылығына 23 мамырда келген болатын. Осы уақыт аралығында 230 млн теңге көлемінде демеушілік қаражат тартылған.

Айта кету керек, соңғы 3 айда Алматы зообағында 6 бірдей жануар өлген болатын. Соның нәтижесінде зообақтың бірнеше қызметкері жұмыстан қуылды.