Алматыда 14,6 миллион теңгеге дизель отынын заңсыз сатқандарға үкім шықты

0
603

Осыған орай Қаржылық монитринг агенттігі кәсіпкерлерге үндеу жасады.


Алматыда 14,6 миллион теңгеге дизель отынын заңсыз сатқандарға үкім шықты

ERNUR.KZ. Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

"Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды", - ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осыған орай Қаржылық монитринг агенттігі кәсіпкерлерге үндеу жасады.

Егер жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз.