Алматыда 20-29 жас аралығында коронавирус жұқтырғандардың саны жоғары

0
695

Олар үлкен кісілердің өміріне қауіп төндіруде.


Алматыда 20-29 жас аралығында коронавирус жұқтырғандардың саны жоғары

ERNUR.KZ. Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазір Алматыда 8259 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 5480 адамда симптомдары болса, 2799 адамда ешқандай белгісіз өтіп жатыр.

«Оның ішінде көбінесе коронавирус жұқтырғандардың жасы 20-29 аралығында. Олардың үлес салмағы 19,3 болып отыр. 30-39 жастағы адамдар арасында 13,1 пайыз, қауіп тобы боп саналатын қарт кісілер арасында 7,7 пайыз құрап отыр», - деді Ж.Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, көбінесе бұл жастардың жауапкершілігінің жоқтығын білдіріп отыр.

«Біздің ең бірінші аурулардың таралу себебі жастар арасында әлеуметтік қашықтықты сақтамау, маска кимеу көп кездеседі. Және жастар шоғырланып жүреді. Сол үшін олар үлкен кісілердің өміріне қауіп төндіреді. Олар өздері жеңіл ауырып тұруы мүмкін. Ал үлкен кісілерге бұл өте қауіпті. Қарт кісілерге үйде отырып, ешқайда шықпау керек», - деді Бекшин.