Бұл дерек бойынша шұғыл қызмет тексеру жүргізді.
ERNUR.KZ. Бүгін Алматыда полицияға 7 мектепке бомба қойылған болуы мүмкін деген хабар түсті, деп жазады inbusiness.kz.
'Бұл дерек бойынша шұғыл қызмет тексеру жүргізді, саперлік бөлімшелер нысандарды тексерді. Нәтижесінде жарылғыш заттар табылған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы полиция департаменті тексеріс барысында мұғалімдер мен оқушылар мектепте болмағанын атап өтті.