Қарияның дене жарақаты өте ауыр болған.
ERNUR.KZ. Алматыда 77 жастағы әже соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды, деп жазады ktk.kz.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соққыға жығылған қария түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде Жаркент қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, түнде егде жастағы әйелдің үйіне белгісіз біреудің басып кіріп, оны соққыға жыққаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
«Өкінішке орай, соққыға жығылған әже алынған дене жарақаттары салдарынан бүгін көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.