Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды

0
542

Осы қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған.


Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Әйелдің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам оның кішкентай қызының құлағындағы сырғасын шешіп алған, деп жазады Zakon.kz.

Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада қаскөйдің баланың құлағынан сырғасын қалай алып жатқаны көрсетілген. Ең алдымен, белгілер бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері сол күні 49 жастағы К.есімді қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның жеке басы бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.