Алматыда әкесі атып өлтірген келіншек жүкті болған

0
1 062

Қылмыс жасаған ер адамның ішімдік ішпегені анықталды.


Алматыда әкесі атып өлтірген келіншек жүкті болған

ERNUR.KZ. Алматыда әкесі атып тастаған әйел жүктіліктің сегізінші айында болған, деп жазады ҚазАқпарат.


«Қайтыс болған әйелдің аяғы ауыр екен, құрсағында 8 айлық бала болған» деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.


Тексеру кезінде күйеу баласы мен қызын атып өлтірген ер адамның ішімдік ішпегені анықталды.

Еске салайық, кеше Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде 1951 жылы туған жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде 1987 жылы туған күйеу баласы мен 1979 жылғы қызын атып өлтірді. Содан кейін өз-өзіне қол салды.

Қазір осы жағдай бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.