Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: Ілияс Карға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

0
1 306

Mercedes Gelandewagen жүргізушісі үш адам қаза болған оқиға орнынан қашып кеткен болатын.


Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: Ілияс Карға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

ERNUR.KZ. Алматының Алмалы аудандық прокуратурасы Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында бірнеше адамды қағып өлтірген 1985 жылғы Ілияс Карға қатысты қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп жазады тengrinews.

Ол ("ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі және 347-бап бойынша) жол ережесін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкелген жол апатын жасап, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалды деп айыпталып жатыр. Жантүршігерлік жол апаты 2018 жылдың 29 желтоқсанында таңғы уақытта болған еді.

"Ілияс Кар Mercedes Benz G55 көлігімен келе жатып, жол қозғалысы ережелерін бұзып, Mitsubishi Galant жүргізушісімен соқтығысып, артынша оқиға орнынан кетіп қалған. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасының салдарынан Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі мен салондағы екі жолаушы қаза тапты, тағы біреуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды, толық және объектив тергеу жүргізіледі", - деп хабарлады қалалық прокуратурадағылар.

Еске салайық, 29 желтоқсанда болған бұл жол апатынан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара және жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапқан еді. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы пайда болды. Видео кадрларына қарағанда, Mitsubishi Galant бағдаршамның жасыл түсі жанғанда Сейфуллин бойымен қозғалысты бастаған, осы сәтте Абайдың бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан Mercedes Gelandewagen оны соғып өткен. Жеңіл көлік соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. Mercedes Gelandewagen жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен.

Алайда, 30 желтоқсанда оны полицейлер ұстаған. Кейін оның мас болғаны анықталды. Артынша жүргізушінің екі айға қамалғаны хабарланды. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы таралған еді.