Алматыда аңшылық қарудан өлген кісі дәрігер болып шықты

0
458

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен.


Алматыда аңшылық қарудан өлген кісі дәрігер болып шықты

ERNUR.KZ. Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумаков 4 сәуір таңертең Алматының Бостандық ауданында қаза болды. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады. Тергеу құпиясы сақталатынын ескеріп, Алматы полициясының баспасөз қызметі толық мәліметті ашпады, деп жазады sputnik.kz.

"Күдікті Шумаковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты", - деді ақпарат көзі.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

"Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер автокөліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады. Көлікті полиция жасағы Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетері, таңғы сағат тоғыз шамасында Алматының Бостандық ауданында белгісіз біреу қарудан оқ атқан, оқиға орнында 47 жастағы ер адам қайтыс болды.