Алматыда атыс ұйымдастырған ер адам Ресей азаматы болып шықты

0
576

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде оған қатысты тың деректер пайда болды


Алматыда атыс ұйымдастырған ер адам Ресей азаматы болып шықты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полициясы 24 сәуір күні «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде атыс ұйымдастырған ер адамның жеке деректерін жария етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің өкілі Рустам Әбдірахмановтың мәліметінше, күзетшіні атқан ер адам Ресей азаматы екен.

«Күдікті РФ азаматының оқталған қаруды қайдан алғаны тергеу барысында анықталатын болады», - деді полиция қызметкері.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде алматылық атқышқа қатысты тың деректер пайда болды. Ақпаратқа сүйенсек, ол РФ азаматы, 1968 жылы туған Исаев Р.А. деген азамат болып шықты.
Айта кетерлігі, ер адам «Шиеленіс нүктесінен келген тұлға» санаты бойынша есепте тұрған көрінеді.

Еске салсақ, 24 сәуір күні белгісіз ер адам «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісіне оқ атып, аяғынан жаралаған. Кейінірек ол өзі жарысынып жатқан пәтеріне іздеп келген полиция қызметкерлерімен бірнеше сағат бойы атыс жүргізіп, артынша 17-қабаттан секіріп кеткен.