Алматыда аялдамадан табылған сәбидің анасы іздестіріліп жатыр

0
746

Әйел баласын бұған дейін де бірнеше рет тастап кеткен.


Алматыда аялдамадан табылған сәбидің анасы іздестіріліп жатыр

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматыда аялдамадан сәби табылды. Тәртіп сақшылары сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Полиция өкілдері әйел баласын бұған дейін де бірнеше рет тастап кеткенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматыда табылған бала туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі rozysk_kz-парақшасында пайда болды. Жазбада бала шамамен екі жаста екені көрсетілген.

Алматы полиция департаментіндегілер 19-20 сәуірге қараған түні Северное кольцо көшесіндегі аялдамадан ер адам нәрестені тауып алғанын айтты.

"Ер адам түнде баланы үйіне алып кеткен. 20 сәуірде түстен кейін ол полицияға келіп, бала туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды, баланы № 2 Балалар клиникалық ауруханасына тексеру үшін жеткізді. Қазір ол сол жерде. "Ана" дегеннен басқа, ештеңе айтпайды және өз атын айта алмады", - деді Алматы ПД өкілдері.

Баласын тастап кеткен ананың жеке басы алдын ала анықталған. Полиция әйелдің тұрған жерін анықтап жатыр.

"Әйелдің екі баласы бар. Бұрын да полицияның назарына іліккен. Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсынылды, бірақ қорытынды жасаған тәрізді. Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйел баланы бірнеше рет тастап кеткенін айтты. Заңнамаға сәйкес жүрген жері анықталғаннан кейін шаралар қабылданады", - деді Алматы ПД өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысының Жамбыл ауданында қар басқан трассадан бір бала табылған еді. Бала жол жиегінде тұрған. Тәртіп сақшылары жақында Өзбекстаннан келген және шаруа қожалықтарының бірінде уақытша тұратын 44 жастағы анасының мекен жайын анықтады. Тексеру материалдары бойынша, әйел баласымен бірге көрші шаруа қожалығына келіп, бес жасар ұлын көлікте қалдырып кеткен.