Алматылық келіншек баласының оң көзіне жасалуы тиіс операцияны оның сол көзіне жасады деп дәрігерлердің үстінен шағым түсірді.
ERNUR.KZ. Осыған орай қалалық полиция тексеруді бастады, деп жазады ҚазАқпарат.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркелгенін мәлім етті.
«Өндірістік материалдар тексеру үшін Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалатын болады»,- деп хабарлады полициядан.
Айта кетейік, бұл туралы қазақстандық блогер Айдын Тоқсанбаева әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Баламмен бірге Манас, 40 мекенжайында орналасқан «Балалар шұғыл медициналық орталығына» квота арқылы көзіне операция жасату үшін жаттым. Оның оң көзінде киста болған. Ол кейін түсіп қалды. Дәрігерлер түбінде тамыры қалып кетті, соны алу керек деді. Квотамен келіп отырмыз. Кеше түннен бастап ештеңе жегізбей, ішкізбей, таңертең баланы алып кетті. Енді оң көзіне жасалуы керек болғаны отаны сол көзіне жасап әкеліп тұр», – – дейді Айдын Тоқсанбаева.
Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері осы жағдайды түсіндірді.